Жаңадан құрылған 3 облыстың көлік нөмірлері қандай болады?

Ведомства дерегіне сай, көлік нөмірлеріндегі өңірлерлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.
«Осыған байланысты жаңадан пайда болған үш облысқа автокөліктердің өңірлерлік кодтарын мынадай тәртіппен беру ұсынылады: Абай облысы – 18, Жетісу облысы – 19,Ұлытау облысы – 20», – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Министрлік ақпаратына қарағанда, жаңа аймақтарда көліктің нөмір кодтарын енгізу барысында көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.
kyzylorda-news.kz