Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маймыл шешегі инфекциясы пандемия деп жарияланды

Маймыл шешегі инфекциясы пандемия деп жарияланды

ДДҰ маймыл шешегін пандемия деп жариялады. Бұл туралы ұйымның сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ДДҰ ұйымының сайтында мәлім етілгендей, маймыл шешегінің өршуі жаһандық маңызы бар төтенше жағдай деп танылды.

Қазір инфекцияны жұқтыру жағдайлары 58 елде анықталды, науқастардың жалпы саны 3 400-ден асты. Инфекцияның таралу қарқыны апта сайын артып келеді. ДДҰ теріс салдарды азайту үшін вирус тарап жатқан барлық жерде шұғыл шаралар қабылдау керектігін атап өткен.

Еске салайық, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 23 маусымда маймыл шешегінің өршуінің жаһандық қаупін бағалау үшін төтенше комитет отырысын шақыратынын мәлімдеген болатын.

Ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесустің айтуынша, маймыл шешегінің бұған дейінгі өршу жағдайларымен салыстырғанда, вирустың бұл жолғы нұсқасында ерекшеліктер бар. Сол себепті вирусологтар бұған жіті назар аударуы тиіс.
24 маусым 2022 ж. 515 0