Жемқорлыққа қарсы ең тиімді механизм – халықты ақпараттандыру

Кездесу барысында ауылдық округ тұрғындарына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылдың 2-ші ақпанындағы жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасының негізгі түйінділері мен ұғымдары түсіндірілді.
Сондай-ақ, Агенттікпен Мемлекет басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық баяндама ұсынылғаны атап өтілді.
Бұл құжаттың негізгі мақсаты – 2021 жылы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының іске асырылу нәтижелері туралы халықты ақпараттандыратын құжат екені жеткізілді.
Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті