Ақбайдың қауындары сатылымға шықты

Аймағымыз бен қатар көршілес облыс тұрғындары да Ақбайдың бренді саналатын – қауынға қызығушылық танытады. Биылғы маусымда ерте көктемнен бастап 30 шаруа қожалығы 106,5 гектар жерге бақша дақылдары егілді. Егістік алқабында тер төккен диқандар еңбегі алғашқы жемісін бере бастады. Яғни «Асхат-1» және «Нұр-Дана» шаруа қожалықтары бүгінгі таңда өз өнімдерін алуда.


"Толқын" ақпарат