Кәсіпкерлік көкжиегі


Иә, ылайым, кәсіпкерлеріміздің жоспарлары ойдағыдай болып, ісі оңға басқанын қалаймыз. Құс цехынан келер тиімділік аз болмайды. Біріншіден, бұл өндіріс азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлесін қосады. Екіншіден, өнім бағасы сырттан тасымалданатын тауық жұмыртқасымен салыстырғанда арзандайды. Үшіншіден, жаңа жұмыс орындары пайда болып, адамдар жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, жергілікті бюджетке түсім түсіреді.

Сәрсенбі күні қаладағы «Қанағат» базары жанында Ақбай ауылдық округінен әкелінген бақша, сүт өнімдері сатылымға шығарылды. Он екі автокөлікке тиелген төрт тонна өнім кеш батқанша базар көркін қыздырды. Атап айтар болсақ, қаз, үйрек еттері мен қарбыз, қауын, асқабақ секілді бақша дақылдары қолжетімді бағада сатылды. Ал, шұбат, қымыз саумал өнімдері әп-сәтте төмен бағада өтіп кетті. Сонымен қатар, халық «СПК-Арал құс» цехының асыл тұқымды қаздарын 5000 теңгеге сатып алып жатты. Ортақ меншікпен негізделген жанұялық азық-түлік тауарлары да саудаға қойылды.
Света Үсенқұлова