Қуанышбек Ысқақовтың жазасының қалған бөлігі бас бостандығын шектеу түріне ауыстырылды

«Сыр елі үшін жақсы жаңалық! Қызылорда соты облыстың экс-әкімі Қуанышбек Искаковтың жазасының қалған бөлігін бас бостандығынан айыру түрінен шектеу түріне ауыстырды! Қаулы 15 күнде күшіне енеді. Ол деген сөз – енді түрмеде емес, отбасының қасында болады. Жазасының қалған бөлігін енді үйінде жүріп өтейді. Пробациялық бақылауда болады. Толық ақталмаса да, осының өзі – күні-түні ұлының тілеуін тілеп, дұғасынан, намазынан тастамай отырған 86 жасар анасы үшін, жары, бауырлары, балалары үшін – дәтке қуат», – деп жазды қорғаушы Ләззат Ахатова.
Айта кетейік, Қызылорда облысының экс-әкіміне қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша айып тағылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
kyzylorda-news.kz