Ертеңнен бастап күн 41 градусқа дейін ыстық болады
Синоптиктер еліміздің кей аймақтарында күн күркіреп, жаңбыр жауатынын айтады.
“Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі”, – делінген ауа райы болжамында.
Қазгидромет хабарлауынша, еліміздің оңтүстік-батысында күн 41 градусқа дейін ысиды.
“Ауа температурасы күндіз батыста +30+38°С, оңтүстік-батыста + 30+41°с, солтүстік-батыста + 22+33°С, солтүстікте, орталықта +22+30°С, шығыста ауа температурасы + 17+25°С-тан +23+31°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +20+29°С-тан +23+32°С-қа дейін жоғарылауы болжанады, елдің оңтүстігінде ауа температурасы +27+35°С күтіледі”, – деп қосты синоптиктер.
kyzylorda-news.kz