Ұшақ билетінің бағасы қымбаттауы мүмкін
Жанармай бағасы көтерілген сайын әуе билетінің де бағасы қымбаттап, шығын тұтынушыларға жүктеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жанармай бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге көтеріліп, авиакомпаниялар үлкен шығынға батуда. Енді демалушылар әуе жолының құны қымбаттайтынына дайын болуы керек.
«Ұшу тұтынушылар үшін қымбатқа түсетіні сөзсіз, мұнайдың жоғары бағасы билет бағасының қымбаттауына себеп болды», деді Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) бас директоры Вилли Уолш.
Мұнай бағасы коронавирус пандемиясынан қалпына келе бастаған елдерде сұраныстың артуына байланысты өсуеде.
Сонымен қатар АҚШ-тың және Ұлыбритания мен ЕО елдерінің ресейлік мұнай импортын кезең-кезеңімен тоқтату жоспарлары басқа өндірушілерден мұнайға сұраныстың артқанын білдіреді, бұл өз кезегінде бағаның өсуіне әкелді.