Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев : Ревакцинация науқанын жандандырған жөн

Қасым-Жомарт Тоқаев : Ревакцинация науқанын жандандырған жөн

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында коронавирус инфекциясының таралуы әлемде және елімізде қайта өрши бастағанын мәлімдеп, сақтық шараларын күшейтуді тапсырды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді. Соңғы екі аптада науқастардың саны 30 пайызға артқан.

Біздің елде де ахуал күрделене түсті. Алматы «қызыл» аймаққа қайта кіруі мүмкін. Негізгі себеп – тұрғындар мен дәрігерлердің қауіпсіздік шараларын сақтамауы, - деді ол.

Президент сондай-ақ мекемеаралық комиссияның жұмысын күшейтуді тапсырды.

Одан бөлек ревакцинация науқанын жандандырған жөн. Бұл жұмыста ешқандай асыра сілтеу болмауы керек. Шағын және орта бизнестің мүддесін ескерген абзал, - деді Тоқаев.

baq.kz
14 шілде 2022 ж. 275 0