Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазіргі ахуал өте күрделі деп айтуға болады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазіргі ахуал өте күрделі деп айтуға болады

Коронавирус індеті қайта өршіп келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиында осылай деді.
«Жалпы алғанда, қазіргі жағдайымыз жақсы емес. Тіпті, ахуал өте күрделі деп айтуға болады. Коронавирус індеті қайта өршіп келеді. Мұны Қазақстан ғана емес, көптеген елдер бастан өткеруде. Оның негізгі себебі вирустың мутацияланған жаңа штамдары болып отыр», – деді Мемлекет басшысы.

Оған қоса, азаматтарымыз және бизнес өкілдері індеттен әбден қажып, соның салдарынан сақтық шараларына салғырт қарай бастағанын айтты.

«Бұл, әрине, жағдайды одан бетер ушықтыруда. Дегенмен көптеген сарапшылардың айтуынша, 2021 жылы жалпы ахуал жақсарып, қайта өсім болып, пандемиядан кейін азаматтардың тұрмыс сапасының артуына мүмкіндіктер бар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

kyzylorda-news.kz
01 сәуір 2021 ж. 485 0