Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы: Коронавирусқа қарапайым тұмау деп қарау – қате пікір

Мемлекет басшысы: Коронавирусқа қарапайым тұмау деп қарау – қате пікір

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты коронавирус қаупін шетке ысырмауға, сақ болуға шақырды.
«Коронавирусқа қатысты ахуал күрделі күйде қалып отыр. Алайда басқа мемлекеттермен пропорционалды тұрғыда ойлайтын болсақ, басқа елдерден қарағанда біздің елдегі жағдай жақсы болмаса, жаман емес. Алайда осынау қалыптасқан жағдайға қарап қана отыра бермейміз. Алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Бүкіл қоғам болып оны жүргізуіміз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеуінде.
Сонымен бірге Президент коронавирус қаупін шетке ысыруға болмайтынын жеткізді.
«Бұған қарапайым тұмау деп қарау – қате пікір. Бұл өте қауіпті әрі жауыз ауру. Әлемде бұл ауруды жұқтырғандар саны 12 миллионға жетті. Қайтыс болғандардың саны артып барады», – деді ол.
08 шілде 2020 ж. 611 0