Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

Арал аудандық сотында талап қоюшы К-ның жауапкер Б-дан 973 000 теңге қарызын өндіру туралы талабы партисипативтік рәсім (екі тарап адвокаттарының жәрдемдесуімен дауды реттеу) тәртібімен реттелді.
Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, заңнамадағы татуластыру рәсімдерінің тиімділігі мен салдарын түсіндіріп, татуластыру шараларын жүргізген.
Нәтижесінде тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеуге ниет білдірген.
Партисипативтік келісімнің шарттары бойынша, жауапкер берешек қарызын талап қоюшымен өзара келісілген уақытта бөліп төлеуге уағдаласқан.
Партисипативтік келісімге екі тараптың адвокаттары қол қойып, сотқа бекіту үшін ұсынған.
Азаматтық процестік кодексінің 277-бабының 6-тармақшасына сәйкес, сот, егер тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.
Осыған орай, сот ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
25 шілде 2022 ж. 652 0