Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мешіт жұмысы жанданып келеді

Мешіт жұмысы жанданып келеді

Зейнетте болғанмен, кейде кентте не болып  жатыр деп қарайтынмын. Жақсықылыш кенті Жақсықылыш атындағы мешіттегі болып жатқан оң өзгеріс, бұрын-соңды болмаған қарқын алған құрылыс  алыстан мен мұндалап көз  тартады. Бұл мешітті «Аралтұз» АҚ президенті, марқұм Қожақ Жақсыбаев салдырған еді. Ол кезде мен 1-вице-президент едім.
Мешіт имамы Мәжит Әбіштегін сөзге тарттық:
– Мешітте Сағыныш деген жігіт шаруашылық жөніндегі көмекшім, оқу жөнінде наиб имам Қасым деген жас жігіт, Сарыағаштың медресесін бітірген Таласова Назерке бар. Ол қыз-келіншек, аналарға сабақ береді. Құрылысқа демеушілік жасаған Ерлан Нұржанұлы деген кәсіпкер, – деді.
2009-2015 жылдары  Арал аудандық орталық мешітінің бас имамы, Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысы "Нұрғасыр" мешітінде іс басқарушы, облыстық зекет қорының директоры болған, бүгінде Жақсықылыш кенті Жақсықылыш атындағы мешіттің имамы Мәжит Әбіштегі мешітке бұрын-соңды болмаған қызметтер жасауда. Таңғаласың. Мешітке бір келгенде есік алды әдемілігімен көз тартады. Тас плиталарды жолға төсеп тастапты. Кейін мешітке еурожөндеу жүргізген. Облыс имамын, көрші аудан имамдарын, кенттің ақсақалдарын, жұма намазға қатысатын елуге жуық үлкенді-кішілі адамдардың басын қосып, дастарқан жайып, ас берді. Ақсақалдан бата алды. Жақында мешіт төбесін жаңалап, жаңадан әйелдер оқитын бір бөлме салдырып жатыр. Мешіт жанынан томпитып салынған асхана ішіне еурожөндеу жасаған. Жайнап тұр. Бұл игі жұмыстар әрине Құран оқығаннан түскен қаржы емес екендігі белгілі. Бұл өзінің жора-жолдас кәсіпкер демеушілігі тарапының арқасы деуге болады. Қаржы көзін көре білу бір басқа, ал қаржыны ала білу негізгі мәселе. Ол адаммен сөйлесе білудің ретін біледі. Қайткенде мақсаты – адамдардың ризашылығына бөлену.
Кешегі  бозбала  бүгінде атпал азамат, салиқалы сөз айтатын және діни білімді жан.  Әр жерде діни қызметте болып тәжірибесін шыңдап, Арал ауданындағы мешіттің бас имамы болған, қазір Жақсықылыш мешітінің имамы Мәжит Әбіштегі  мешіт жұмыстарын дөңгелетіп отыр. Мешіттегі атқарылып жатқан игі істері халық көңілінен шығуда. "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" деген осы болар. Иә, мешіттің  бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігіне, имам М.Әбіштегінің атқарып жатқан қызметіне біз де риза болдық
Қ. Аяқбаев,
қоғамдық тілші
26 шілде 2022 ж. 279 0