Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қатты ыстық сақталады

Қатты ыстық сақталады

Еліміз бойынша 26-28 шілдеге арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК ұсынды. 

Республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады. 26 шілдеде батыста, 27-28 шілдеде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 
Күндізгі уақытта республиканың батыс өңірлерінде ауа температурасының +25 +35°С-тан +30 +40°с-қа дейін көтерілуі күтілуде, ал елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасының күндіз +30 +35°С-тан +20 +30°с-қа дейін біртіндеп төмендеуі болжануда. Қазақстанның орталығында ауа температурасы +30 +38°С-тан +27 +35°С-қа дейін төмендейді, елдің шығыс облыстарында болса ауа температурасы +22 +32°С-тан +27 +38°С-қа дейін көтеріледі. Ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында өте қатты ыстық сақталады: +40 +45°С.

baq.kz
25 шілде 2022 ж. 372 0