Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп-лицей атауы өзгертілді

Мектеп-лицей атауы өзгертілді

«Елу жылда ел жаңа» демекші, заман ағымы мен қоғам талабына сай ескіріп, жаңарып-жаңғыратын ұғымдар мен көріністер болып тұратыны заңдылық.
Арал қалалық Н.К.Крупская атындағы №14 мектеп-лицейі ұжымы көптен бері мектеп атауын өзгерту туралы тиісті орындарға бірнеше мәрте ұсыныс хат жолдап келген болатын. Алайда ономастикалық ереженің кейбір талаптарының әсерінен атауды өзгертуге мүмкіндік болмаған еді. 2018 жылдан бастап Арал ауданы бойынша білім бөлімінің қарқынды әрекетінің және ономастикалық ережелерге ішінара өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі негізінде көптен күткен ұсыныс орындалды.
Осы жылдың 6 мамырында Арал аудандық ономастикалық комиссиясының шешімімен мектеп-лицейден Н.К.Крупская атауы алынып тасталды. Қазіргі ресми атауы «Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің №14 мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі» болып бекітілді.
Тағы бір атап өтерлігі, биылғы жаңа оқу жылынан бастап мектеп-лицейде 1-сыныпқа 3 қазақ тілінде, 3 орыс тілінде білім беретін сыныптар ашылатын болады.

"Толқын" ақпарат
26 шілде 2022 ж. 1 232 0