Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері елде аптап ыстық бәсеңдейді

Алдағы күндері елде аптап ыстық бәсеңдейді

«Қазгидромет» Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, 28-30 шілде аралығында елде аптап ыстық бәсеңдейді.

Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі метеорологиялық жағдайлар нашарлай бастаған. Себебі республика аумағы ыстық оңтүстік пен салқын солтүстік майдандарына бөлінген. Фронтальды бөліктің біртіндеп жылжуы елдің солтүстік жартысында, содан кейін шығысында, оңтүстік-шығысында найзағайдың болуына, желдің күшеюіне, кей жерлерде бұршақтың жауына әкелуі мүмкін.
Салдарынан солтүстікте күндізгі ауа температурасының төмендеп, елдің оңтүстік жартысында ыстықтың бәсеңдеуіне ықпал етеді.
Күндізгі уақытта Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы күндіз +20 +30°С-тан +15 +25°С-қа дейін, елдің орталығында +25 +33 °С-тан +18 +27°С-қа дейін, шығыс облыстарда аптап ыстық: +25 +35°С-тан +19+29°С -қа дейін төмендейді деп күтілуде. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында болса, +30 +39°С-тан +25 +36°С-қа дейін болады деп болжануда.

kyzylorda-news.kz
27 шілде 2022 ж. 470 0