Қазақстанда 26-28 шілдеде қатты ыстық сақталады

Күндізгі уақытта республиканың батыс өңірлерінде ауа температурасының +25 +35°С-тан +30 +40°с-қа дейін көтерілуі күтілуде, ал елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасының күндіз +30 +35°С-тан +20 +30°с-қа дейін біртіндеп төмендеуі болжануда.
Қазақстанның орталығында ауа температурасы +30 +38°С-тан +27 +35°С-қа дейін төмендейді, елдің шығыс облыстарында болса ауа температурасы +22 +32°С-тан +27 +38°С-қа дейін көтеріледі. Ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында өте қатты ыстық сақталады: +40 +45°С.
kyzylorda-news.kz