Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер 4 өңірде ескерту жариялады

Синоптиктер 4 өңірде ескерту жариялады

7 тамызда ауа райының бұзылуына байланысты 4 өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында күн күркіреп, желдің күші 20 м/с дейін күшейеді. Ақмола облысының солтүстігінде күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады.

Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с артады.

Көкшетау қаласында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ болады. Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с екпінде жел тұрады.

Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады. Павлодар қаласында күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күшейетіні күтіледі.
07 тамыз 2022 ж. 280 0