«Жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып ем алу мүмкіндіктері»
Спикер: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов
Сәлеметсіздер ме, құрметті БАҚ өкілдері!
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізумен жоғары технологиялық медициналық қызметтер (ЖТМҚ) көлемі артып келеді. Олар диагностика мен емдеудің инновациялық, бірегей әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл, ең алдымен, ашық жүрекке жасалатын оталар, жүрек, бауыр, бүйрек трансплантациясы, ми ісіктеріне арналған нейрохирургиялық араласулар, тұқым қуалайтын және жүйелі ауруларды, лейкоздарды, эндокриндік патологияның ауыр түрлерін емдеу, күрделілік жоғары хирургиялық араласулар.
ЖТМҚ-ның 78 түріне қала тұрғындары да, шалғай ауылдар да бірдей қол жеткізе алады. Егер адам ауырып қалса, оған инновациялық технологияларды қолдана отырып диагностика мен емдеу қажет болса, онда тұратын жеріне қарамастан, ол жоспарлы медициналық көмекке жүгіне алады. Басты шарт – МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесі. Пациенттер алған жоғары технологиялық медициналық қызметтердің барлығы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен төленеді.
Қордың филиалы ЖТМҚ көрсетуге көпбейінді облыстық ауруханамен шарт жасасты.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 200,7 млн. теңге сомасына 29 жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілді, оның ішінде ТМККК шеңберінде 8,4 млн. теңге сомасына 1 қызмет, МӘМС жүйесінде 192,3 млн. теңге сомасына 28 қызмет.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 293,7 млн. теңге сомасына 48 жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілді, оның ішінде ТМККК шеңберінде 7,7 млн. теңге сомасына 1 қызмет, МӘМС жүйесінде 286,1 млн. теңге сомасына 47 қызмет.
Көріп отырғанымыздай, оталардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53% - ға төмендеді.
ЖТМҚ көрсетуге ағымдағы жылы Қор филиалымен 562,9 млн. теңге қарастырылған. 2021 жылы 539,3 млн. теңге бөлінді. Қаржыландыру көлемі 4% - ға өсті.
Жоғары технологиялық қызметтердің көмегімен көбінесе келесі оталар жүргізілді: автоматты кардиовертер/дефибрилляторды импланттау; бас және мойын тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболизациялау немесе окклюзиялау; бивентрикулярлық дефибрилляторды, жалпы жүйені импланттау (CRT-D); стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы импланттау.
ӘМСҚ қаражаты есебінен жасалған ең қымбат оталар - жүрек ырғағын басқаруға, жүрек жұмысын үндестіруге және өмірге қауіп төндіретін аритмиялардың алдын алуға арналған кардиологиялық қондырғыларды имплантациялау оталар. Бивентрикулярлық дефибрилляторды, жалпы жүйені (CRT-D) импланттау, автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды импланттау сияқты оталар. Олардың әрқайсысының құны 8,4 млн теңге.
Құны бойынша орташа ота, сомасы 6,1 млн. теңге - бас және мойын тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболизациялау немесе окклюзиялау.
ЖТМҚ-дың арзан оталардын бірі, сомасы 3,1 млн. теңге - қолқа қақпақшасын тін трансплантатымен ашық және басқа ауыстыру; митральды қақпақшаны тін трансплантатымен ашық және басқа ауыстыру; аннулопластика.
ЖТМҚ-ға жолдаманы қалай алуға болады?
ЖТМҚ алуға жіберу туралы шешімді пациентті жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін қандай да бір медициналық ұйымға жіберу мәселесін шешу үшін бейінді мамандар кіретін жергілікті денсаулық сақтау басқармасының басшысы құрған арнайы комиссия қабылдайды.
Бұдан әрі медициналық ұйым пациенттің тіркелген жері бойынша құжаттар пакетін ЖТМҚ комиссиясының қарауына жібереді, содан кейін комиссия құжаттарды қарайды, жолдаманың негізділігін айқындайды және хаттамаға ресімдей отырып, шешім қабылдайтын болады. Оң шешім қабылданған жағдайда ЖТМҚ комиссиясы емдеуге жатқызуға жолдаманы пациенттің құжаттар пакетін қоса бере отырып, «Емдеуге жатқызу бюросы» порталында тіркейді. Электрондық форматта қалыптастырылған медициналық ұйымға емдеуге жатқызуға жолдаманы пациент веб-порталда, ЖТМҚ ұсынатын денсаулық сақтау ұйымына емдеуге жатқызу кезінде қабылдау бөлімінде және тіркелген жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына сұрау салу бойынша ала алады. Емдеуге жатқызуға жолдама келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде қаралады және науқасты стационарға емдеуге жатқызу күнін айқындайды.
Егер сізде медициналық көмек алуға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, сіз өз емханаңыздағы Пациентті қолдау қызметіне хабарласа аласыз. Сондай-ақ, Қорға ресми кері байланыс арналары арқылы өтініш бере аласыз: 1406 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қордың www.fms.kz сайты, Telegram-дағы Saqtandyry-bot.