Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Келешек иелерінің көңілі көтерілген күн

Келешек иелерінің көңілі көтерілген күн

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай аудан көлемінде түрлі шаралай ұйымдастырылып, жастар апталығы өткен болатын. Онда джастардың шығармашылық қабілетін шыңдауға, өз мүмкіндіктерін молайтуға арналған танымдық кештер болды. Мерекелі апталы 12 тамыз күні орталық алаңда ұйымдастырылған гала-концертпен қортындыланды. 


Аталған шараға Арал қаласының әкімі Е. Талекенов қатысып, жас буын өкілдерін мерекелерімен құттықтады.
– Бүгінде қоғамның әрбір саласында белсенді жастар жетерлік. Өзінің ауқымды жұмыстарымен, қарқынды қимылдарымен еліміздің дамуы мен гүлденуіне үлес қосып жүрген жастар біздің өңірімізде де жетіп-артылады.Білімнің биігін бағындырып, әрісі шет елдерде, берісі өздерін жалпақ жұртқа көрсетіп жүр. Спортта да, мәдениет-білім сайыстарында да елді әлемге танытып жүргендердің де басым бөлігі жастар. Олардың әрқайсысы өз ортасының көшбасшысы. Әрбірінің қоғамда өзінің орны бар.
Өресі биік, рухы мықты өңір жастарын мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын!-деп ізгі лебізін білдірді.
Шара барысында аудан дамуына атсалысып, ізгі істердің басынан табыла білген бірқатар жастарға Е. Талекенов арнайы құттықтау табыстады.
– Аралдық жастар әркез елдің басына түскен сын сағатта да, мерейін асырған қуанышты сәтте де халық мүддесі жолында қолдан келгенше көмек қолын созып келеміз. Жастар жалынды. Бесіктен сіңірген патриоттық тәрбиені біліммен ұштастырып жүр. Аудан атын шығарып жүрген қаншама жас буын бар. Бүгінгі мерекелік шара да жастардың мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылды,- дейді жастар ресурстық орталығының қызметкері Шымболат Құрманалиев.
Мерекелік шара барысында жас өнерпаздар концерттік бағдарламасын ұсынып, кеш соңы жастардың би кешіне ұласты.
«Толқын» ақпарат
15 тамыз 2022 ж. 515 0