Қызылордада кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары, демалыс кезеңінде балалар арасындағы өрт қауіпсіздігі мен су қауіпсіздігінің алдын алу шаралары жайында мәселелер қаралды.
Облыстық полиция департаменті, жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Б.Молдабеков кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың ахуалы, жыныстық қол сұғылмаушылық қылмыстарының алдын-алу профилактикалық іс-шаралардың іске асырылуы туралы өз баяндамасында кеңінен тоқталып өтті.
Одан соң балалардың жазғы демалыс кезеңінде өрт және су қауіпсіздігін бақылау бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы, полковник А. Оразбековтің, облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы, полковник А.Тоғызбаевтың баяндамалары тыңдалды.
Жиын соңында отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар комиссия төрағасы Нұрымбет Аманұлы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет-қылықтардын аулақ болуы, қажетті деңгейде білім мен тәрбие алуы, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.
kyzylorda-news.kz