Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Комиссия отырысы өткізілді

Комиссия отырысы өткізілді

Кеше аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұловтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде өзекті деген бірнеше мәселе қаралды.

Алдымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Дархан Нұрлыбекұлы жаз мезгіліндегі кәмелетке толмағандардың су айдындарындағы қауіпсіздігін сақтау туралы баяндама жасады. Өз хабарламасында жаз мезгіліндегі суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі жөнінде жүргізіліп жатқан түсіндірме жұмыстарына тоқталды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе кәмелетке толмағандар арасында жыныстық қол сұғылмаушылық қылмыстарының алдын-алу профилактикалық шаралары туралы аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Шүкіров Қуанышбек хабарлады. Баяндама барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық жағдайлары, жыныстық қол сұғылмаушылық қылмыстарының алдын-алу профилактикалық шаралары туралы кеңінен тоқталып, аталған мәселелер бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды айтып өтті.

Одан соң комиссия отырысында талқыланған мәселе өмірдің қиын жағдайына қалған, ерекше білімді қажет ететін балаларды қорғау және оларды әлеуметтік қолдау бойынша атқарылған жұмыстар, проблемалық мәселелер туралы аудандық білім бөлімінің бас маманы Сейітова Ғалия хабарлама жасады.

Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық әрекеттердің алдын-алу және психолог мамандардың мектеп оқушалырымен жүргізетін жұмыстарды жандандыру жөнінде өздерінің ойларын ортаға салды.

Жиын соңында комиссия төрағасы Бектемір Жұмағұлов ата-аналардың баланың тәртібі мен тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін тиісті шаралар қабылдау және жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет- қылықтардын аулақ болуы, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, мемлекеттік органдар және жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
"Толқын" ақпарат

27 шілде 2022 ж. 406 0