Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада күн ыстық

Қызылордада күн ыстық

Синоптиктер 19 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, ауқымды Солтүстік Батыс антициклоны әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шығыстың таулы аудандарында жауын (жаңбыр, сулы қар) жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында түнде тұман түседі, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысында қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

kyzylorda-news.kz
19 тамыз 2022 ж. 302 0