Көпір салынса көп тілегі ақталар

Аудан орталығы Арал қаласының темір жол бойына аспалы көпір салынады деген жағымды жаңалық бүгінде аудан тұрғындарының көңілін бір серпілтіп тастады. Енді соның шын мәнінде жүзеге асуын күтеміз. Жоба бойынша көпірдің ұзындығы 1 шақырымға жуықтайды екен. Онымен қоса екі жағынан жаяу жүргіншілер жолы салынып, түнгі жарық шамдары да орнатылмақ екен. Демек бұл үлкен құрылыс болғалы тұр. Егер осы жылдың соңына дейін нақты басталып кетер болса, халықтың билік басындағы азаматтарға алғыстан басқа айтары болмас еді. Өз басым осы игі жаңалықтың нәтижесін көрер күн алыс еместігіне сенемін. Барлығы оңынан болғай.
Е. СЕЙДАЛИЕВ