Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар ұсынысы ескеріледі

Тұрғындар ұсынысы ескеріледі

Аудан әкімі С. Сермағамбетов Бөген, Қаратерең және Жаңақұрылыс ауылдық округтерінде болып, халықпен кездесті.
Тұрғындармен өткен кездесуде басты байлық халықтың саулығы мен береке-бірлігі екенін айтқан аудан басшысы 2022 жылдың алты айының қорытындысымен атқарылған жұмыстарды саралап шықты. Әрбір сала көрсеткіштеріне жеке-жеке тоқталып, алдағы жоспарлармен де бөлісті.
Бөген елді мекенінің тұрғындары су айдау стансасына жөндеу жүргізу қажеттігін айтып, Қарашалаң елді мекеніне клуб салуды ұсынды.

Аудан әкімі Бөген – Ақлақ автожолын жөндеу жұмыстары басталғанын айтып, су айдау стансасына қатысты толық зерделеп, жедел түрде жөндеу жүргізуді «Арал-Сарбұлақ» топтық су құбыры мекемесінің басшысына тапсырды.
Сонымен бірге Қарашалаңдағы клуб салынуы қажет ететін ғимараттар қатарына алынып, бірінші кезекте апатты жағдайдағы нысандар құрылысы жүргізілетіні түсіндірілді.
Кездесуде бұдан бөлек Бөген елді мекеніне ауылдық клуб пен дәрігерлік амбулаторияның жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, қаржыландырылуы үшін жауапты басқармаларға ұсынылғаны айтылды.

Қаратереңдіктер ұсынысына сәйкес «Құйылыс» қорғаныс бөгетіне жөндеу жүргізу үшін жобасы әзірленіп, табиғи ресурстар басқармасына ұсынылып, қаржыландыру жолдары қарасытырылып жатқаны жеткізілді. Жедел жәрдем көлігін алу үшін де аудан бойынша денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс жолданған. Ал Барсакелмес қорығымен шекаралас аймақтағы жер мәселесі бойынша толқ зерттеу жүргізіліп, республикалық комитетке ұысыныс жіберілетін болды. Ұялы байланыс қызметіне қатысты «Транстелеком» мекемесі тарыпынан кезектілікпен байланыс сапасын жақсарту шаралары жүргізіліп келе жатқанын білдірді.

Ал Жаңақұрылыс ауылдық округінің тұрғындары жол мәселесі қиындық тудыратынын айтып, Нұралы жарма каналына жөндеу жұмыстары басталғанына ризашылықтарын білдірді.
Жол мәселесіне қатысты Қаратерең-Жаңақұрылыс және Жаңақұрылыс- Бекарыстан би бағытындағы жол бөлінген қаржыға сәйкес биылғы жылы басталатындығы жеткізілді.
"Толқын" ақпарат

20 тамыз 2022 ж. 282 0