Еgov.kz порталындағы жаңа сервис

Қазақстандықдар:
– жылжымайтын мүлікті сату кезінде;
– кепілзатты тіркеу кезінде;
– тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бөлімдері талап еткен кезде;
– көші-қон қызметі бөлімдері талап еткен кезде;
– аймақтың/облыстың атауы өзгертілген кезде жылжымайтын мүлік объектісі мекен-жайының өзгеру тарихын мұрағаттық мәліметтерді тексеру бойынша жаңа сервисінің көмегімен көре алады.
Жаңа сервис тіркеу рәсімдері кезінде мекен-жайдың тіркеу кодын қолданып, сұратылған ұйымдарға жылжымайтын мүлік мекен-жайының өзгеруі туралы мәліметтерді қарауға мүмкіндік береді. Мысалы, егер, көше атауы немесе үй номері өзгерсе, бірақ құжаттарда ескі мекен-жай көрсетілсе, енді ХҚКО-на жүгінудің қажеті жоқ.
А. САДАҚБАЕВА,
ХҚКО Арал аудандық бөлімінің маманы