Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелген нөміріңізді ХҚО-ға бармай-ақ, өзіңіз ауыстыра аласыз.

Оның екі жолы бар:
1. Еgov.kz порталындағы жеке кабинетіңізге кіріңіз. Мәліметтеріңіз жазылған бұрыштағы телефон нөміріңізді «редакциялау» арқылы өзгертіңіз. Жаңа нөміріңізге түскен кодты енгізіңіз және ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз.
Сіздің нөміріңіз жеке кабинетте және МАБ-да автоматты түрде өзгереді.
2. Порталдың басты бетінде орналасқан виртуалды ассистентке видеоқоңырау шалыңыз. Байланысқа шыққан операторға өзіңіздің ЖСН-іңіз бен SMS-хабарлама алғыңыз келетін жаңа нөміріңізді айтыңыз.
Жаңа нөміріңіздің тіркелгені туралы сізге хабарлама жолданады.
Лена САУРЕНОВА,
бөлім маманы