Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамда холестерин көп екенін білдіретін табан мен тізедегі белгілері

Адамда холестерин көп екенін білдіретін табан мен тізедегі белгілері

Адам ағзасында «жаман» холестерин көбейіп кетсе, қан тамырларына жабысып, қан айналымын қиындатып жібереді. Содан жүрек аурулары пайда болады, инфаркт пен инсульт де осыдан.

Ең қызығы сол – адам қанда холестерин көбейіп кеткенін өзі де сезбей жүре береді. Бірақ десе де мамандардың айтуынша, холестериннің көбейе бастағанын білдіретін алғашқы әлсіз, бірақ анық белгілер болады.

Мәселен, солардың бірі – аяқ ауру, әсіресе, жүрген кезде не тұрған уақытта аяқтың «дыңқ» етіп қатты ауруып кететінін белгісі бар. Қан айналымы қиындағасын, табан мен башпайға қан жетпей қалуы мүмкін. Ауру содан болады. Бір аяқ ауырмай, екіншісі ғана ауруы мүмкін.

Одан бөлек, холестериннің көптігін білдіретін мынадай қосымша белгілері бар:

Аяқтың жүні түседі;
Аяқ ұю, аяқ әлсіз болады;
Тырнақ ақырың өседі әрі сынғыш келеді;
Табанда жара шығады, көп жазылмай жүреді;
Аяқтың түсі бозарып тұруы мүмкін;
Аяқтың бұлшықеті тартылуы, құрылысып қалуы ықтимал.
Мұндай жағдайда адам денсаулығын жақсарту үшін міндетті түрде дәрігерге қаралып, ем алғаны жөн.

Холестеринді түсірудің жолдары көп. Дәрі-дәрмек ішіп, салауатты диета ұстанып, жиі физикалық жаттығу жасап, азайтуға болады.

Холестерин көбейіп кеткенін адам иісіне қарап-ақ анықтауға болады

Беттегі дақ: Қанда холестерин көп екенін білдіретін басты белгі

kyzylorda-news.kz
28 тамыз 2022 ж. 801 0