Жетес би ауылдық округінде жаңа мешіт ашылды

Бүгін Жетес би ауылдық округінде жаңа мешіт ашылды. «Айтуар ата» мешітінің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Б. Жұмағұлов, аудандық мәслихат хатшысы Б. Төрахметов және ардагер Ж. Жақып қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады. Жамағатқа ақжарма лебіздерін арнап, жаңа ғимарат ауыл халқын ізгілікке бастар, рухани жол сілтеуші орталыққа айналуына тілектестіктерін білдірді. Сонымен бірге мешіт имамына аудан әкімінің құттықтауы табысталды.
Аталған имандылық үйі ауыл тұрғындарының ауызбіршілік танытып, асарлатып, бір кісідей атсалысуының нәтижесінде бой көтерді.




"Толқын" ақпарат