Бірнеше аймақта 38 градус ыстық болады
Жаздың соңғы күні бірнеше аймақта 38 градус ыстық болады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.
Күндіз Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Оралда күндіз 36 градус аптап ыстық болады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
31 тамыз-2 қыркүйек аралығында Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде және Тараз қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысында 39 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының тау асуларында шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 38 градус аптап ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
31 тамыз күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, жел екпіні - 15-20 м/с.