Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа Бюджет кодексі қабылданады

Қазақстанда жаңа Бюджет кодексі қабылданады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Бюджет кодексін қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біз бюджеттік тәуекелдерді басқару жүйесін, оның ішінде квазимемлекеттік секторды іске қосуымыз керек. Біз салық түсімдерін аймақтарға аударуды бастадық, осы жұмысты жалғастыру қажет. Дәлелденген «Халық қатысатын бюджет» жобасын аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарға тарату керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындарының кем дегенде 10 пайызын жұртшылықты тарту арқылы қалыптастыру керек екеніне сенімді.

«Анықталған тәсілдерді тиімді жүзеге асыру үшін жаңа Бюджет кодексін қабылдау қажет», деді Президент.
01 қыркүйек 2022 ж. 343 0