Қызылордада эпидахуал тұрақты

«Қазіргі таңда облыс бойынша 545 инфекциялық төсек орын бар. Инфекциялық стационарда 3 науқас ем қабылдап жатса, амбулаториялық жағдайда 33 науқас бақылауға алынған. Реанимациялық төсек-орында 1 науқас ем қабылдап жатыр», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Мырзагелдіұлы.
Ал білім беру ұйымдарындағы эпидемиологиялық ахуал қалай болады? Оқушылар карантиндік режимге көше ме?
Бұл сауалдарға Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Ұзақбаев жауап берді.
«Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы бойынша «COVID-19» коронавирус инфекциясының 25 белсенді ошағы бар. Емдеу-сауықтыру мекемесінде 4 науқас ем қабылдап жатса, 20 науқас үй карантинінде оқшаулануда. Алайда аймағымыз жасыл аймақта болғандықтан, ешқандай қауіп-қатер жоқ», – деді Е.Амантайұлы.

kyzylorda-news.kz