Қызылорда: 14078 адамға «Pfizer» вакцинасы салынды
![](/uploads/posts/2021-12/medium/1640608401_pfizer-vaccines.png)
«Өткен тәулікте 2 жағдай анықталды. Бүгінде облыс бойынша инфекциялық стационарда – 51, реанимациялық төсек-орында 6 науқас ем қабылдап жатыр. Індетті ауыздықтар бір ғана жол бар, ол – вакцинация. 1 ақпан мен 27 желтоқсан аралығында облыста вакцинацияның 1 компонентімен егілгендер саны – 415538, халықтың қамтылуы 91,8 пайызды құрады. Екінші компонентті – 380740 (84,1 пайыз) адам салдырды», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов.
14078 адамға «Рfizer» вакцинасы егілді. Оның 11325-і жасөспірім, 1264-і жүкті әйелдер, емізулі аналар-1488. Сонымен қатар бүгінге дейін өңірдің 16488 тұрғыны ревакцинациядан өтті.
kyzylorda-news.kz