Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік облыстарында күн суытады.
«Еліміздің оңтүстік жартысында құрғақ және ыстық ауа райы сақталады», делінген хабарламада.
Ауа температурасы төмендейтін өңірлер:
батыста түнде +10+18-ден +8+16 градусқа дейін, күндіз +23+31-ден +17+25 градусқа дейін;
солтүстік-батыста түнде +15+23-10+18 градус, күндіз +27+35-тен +21+28 градусқа дейін;
республиканың солтүстігінде +15+23-тен 8+16°С-қа дейін, күндіз +25+35-тен +17+25 градусқа дейін;
республиканың орталығында негізгі фон түнде +10+22 градус, күндіз +30+38 градус.
Температура жоғары болатын өңірлер:
шығыста түнде +4+15-тен +10+18 градусқа дейін, күндіз +22+27-ден +30+38 градусқа дейін;
оңтүстік пен оңтүстік-шығыста негізгі температуралық фон түнде +15+25 градус, күндіз +30+40 градус.