Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адам өміріндегі маңызды 10 нәрсе

Адам өміріндегі маңызды 10 нәрсе

Көп адам өміріндегі түкке тұрмайтын нәрсеге шыр-пыр болып, маңызды нәрсені ұмытып кетеді. Бүгін әр адам өмірінде маңызды рөл атқаратын 10 нәрсені көрсетеміз.

1. Бірінші - жақын адамдар. Олар жұмыс, хобби мен өмірдің бір сәттік ләззатынан артық болуы тиіс. Оларды көздің қарашығындай сақтап, қорғау керек. Өйткені адамның қайтқан көңілін қайтару әлдеқайда қиын.

2. Заттар шаң жинайды. Артық затқа жоғалтатын нәрсе құнды уақыт пен еңбекпен тапқан ақша екенін естен шығармау керек. Адамда неғұрлым аз зат болса, соғұрлым еркін болады. Ақылмен сауда жасауға ұмтылу керек.

3. Өмірлік тәжірибе — адам өміріндегі маңызды зат. Бәріміз жеке шешім қабылдайтын, дана ойлайтын, өзімізге сенімді адам болуға тырысамыз. Бірақ даналық дегеніміз біраз жылдар бойына жиналған тәжірибе екенін ұмытып кетеміз. 

4. Өмір дегеніміз дәл осы сәт. "Болашақты ойла" деп тәрбиеленгеннен кейін, біз болашақты асыға күтеміз. Оған үміт артамыз деп жүріп, өмірдің қалай өтіп кеткенін байқамай қаламыз. 

5. Қорқыныш — иллюзия. Біз қорқатын нәрсенің басым бөлігі орындала бермейді. Болғанның өзінде біз ойлағандай  жаман нәрсе емес. Керісінше қорқынышты жеңген кезде адам өзіне әлдеқайда сенімді бола түседі.

6. Қарызбен өмірдің жартысы өтіп кетеді. Ақшаны мүмкіндікке қарай жұмсауды үйрену керек. Еркін өмір сүру үшін қарыздан аулақ болған жөн.

7. Балалар ата-ана арманын орындау үшін дүниеге келмейді. Оларды бағып-қағып, үйретіп, жақсы көріп, қолдап, өз еркіне жіберу керек. Өзгертуге тырысқан сайын олар ата-анадан алшақтай береді. Әр балаға өз өмірін сүруге мүмкіндік берген жөн. 

8. Достық уақыт пен назарды керек етеді. Достықты жоғалтып алудан сақ болу үшін, оны қорғау керек. 

9. Жас — жай ғана сан. Адамның жасы оның өмірге қарым-қатынасын анықтамауы тиіс. Сандар өмір сүру ырғағын басқармауы тиіс. 

10. Реніш аурудан басқа ешнәрсе әкелмейді. Оны жайына жіберу керек. Сонда ғана  адам ұзақ өмір сүре алады.

massaget.kz
04 қыркүйек 2022 ж. 731 0