Балалар иммунитетін қалай көтереміз?
Күз мезгілі басталып, күн күрт салқындады. Осы кезде балалар арасында аурудың да асқынып кететіні ақиқат. Балалар суық тию ауруымен жылына 8-10 рет ауырып шығады. Негізінде ауру адамның иммунитет жүйесінің қалыптасуына әсер етеді. Ауырмайтын баланы өсіру мүмкін емес. Алайда оның иммунитетінің дұрыс қалыптасуына, вирустар мен инфекцияларға төтеп беретіндей денсаулығын сақтауға жәрдемдесуге болады. Дәрігерлер де сөзімізді растап отыр. Қазір балалар арасында тұмаурату белең алған. Және бұл аурудың жұғу белсенділігі жоғары. Ауруға төтеп беретін иммунитет қалыптастыру үшін ағзаға витаминдер қажет. Құрамында С, Е дәрумендері бар тағамдар, каротиноидтер, омега-3 майлы қышқылдары мен пробиотиктер бала иммунитетінің күшеюіне жәрдемдеседі.
Ол үшін қантты пайдалануына шектеу қойыңыз. Қант және өзге де тәттілер иммунитет жүйесін бұзады. Сондай-ақ баланың гипербелсенді болуына әсер етеді әрі баланың ұйқысын бұзады.
Балаға тым құрығанда бес өлшем көлемімен 2 ас қасықтан жеміс-жидектер мен көкөністерді жегізіңіз. Мұндай жеміс-жидектер қатарында құлпынай, қауын, көкжидек, апельсиндер болуы мүмкін. Иммунитетті картоп, сәбіз, кәді, орамжапырақ және саумалдық сынды көкөністер жақсы көтереді. Бұл жеміс-жидектер мен көкөністер дәрумендер мен антиоксиданттарға бай, қанның құрамындағы ақ жасушалардың, анител санының артуына көмектеседі. Әрі қатерлі ісіктің алдын алады.
Баланың тамақтану рационына балық пен балық майын кірістіріңіз. Ал балық құрамында макрофактардың белсенділігін арттыратын омега-3 майлы қышқылы бар. Макрофагимак — ағзадағы бактериямен қоректенетін ақ жасушалар. Балаға аптасына 85 грамм балық жегізіп отырған дұрыс. Балық майын күніне бір капсуладан берген жеткілікті.
Тағам құрамына пробиотиктерді қосыңыз. Пробиотиктер — адам ішегінде өмір сүретін пайдалы бактериялар. Пробиотиктері бар тағамдар (йогурт, т.б.) ротавирустық жұқпа мен несеп жолдарындағы инфекциялардан сақтайды.
Балалар тәулігіне 12-13 сағаттан ұйықтауы керек. Дұрыс ұйқы — сау иммунитет жүйесінің кепілі. Егер баланың ұйқысында қандай да бір мәселе болса, педиатр көмегіне жүгініп, олқылықтың орнын толтыруға асығыңыз.
Сондай-ақ физикалық жаттығулар ағзадағы киллер жасушаларды арттыруға көмектеседі. Бұдан бөлек, жаттығудың бала денсаулығына пайдасы өте көп. Отбасыңызбен бірге белсенді тынығуды жиі ұйымдастырыңыз. Мысалы, велосипед тебіңіздер, парктерде, табиғат аясында жаяу жүріңіздер немесе доппен ойнаңыздар.
Ең бастысы, балада мықты иммундық жүйе қалыптастыру үшін оның тамақтануына мұқият болған абзал. Күнделікті құнарлы тамақ ішіп, уақытылы ұйықтауына мән берген жөн. Келешек бүгіннен басталады. Ұрпақ саулығы кішкентай кезінен бастауымыз керек.

Дайындаған Н.Бақыран