Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері елімізде күн суытады

Алдағы күндері елімізде күн суытады

«Қазгидромет» Қазақстан бойынша 10-12 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері елімізде күн суытып, басым бөлігінде жауын жауады.

Скандинавия түбегінің ауданынан жылжыған антициклон Қазақстан аумағына ауыса отырып, күздің суық ауа райын қамтамасыз етеді. 11-12 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның ықтималдығы байқалады.

Елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, желдің күшеюі және бұршақ жаууы мүмкін.

10-12 қыркүйекте батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстік және орталықта түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

kyzylorda-news.kz
09 қыркүйек 2022 ж. 271 0