Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Миға пайдалы азық-түлік түрлері

Миға пайдалы азық-түлік түрлері

Күнделікті тұтынатын азық-түлік құрамында адам ағзасына пайдалы түрлі дәрумендер болады. Соның ішінде миға пайдасы бар азық та болуы керек. Біз тұтынатын азық-түліктің кейбірі миға пайдалы болса, кейбірі зиян екен. 

Сарапшылар оны үш топқа бөлген:

1. Мидың жұмысын арттыратын міндетті түрде жеу керек тағамдар.
2. Күнделікті тұтынбайтын, бірақ миға қажетті дәрумендерді бере алатын тағамдар.
3. Миға кері әсерін тигізетін тағамдар. 

Бірінші топқа, жаңғақ, балық пен теңіз өнімдері, зәйтүн майы, көкөністер мен жеміс-жидектер кіреді.

Бұл өнімдер миға оң әсер ететіндіктен, оларда сақталатын дәрумендер мен микроэлементтердің көп болуына байланысты мүмкіндігінше тұтыну маңызды.

Екінші топқа жеміс-жидек, майсыз сүт өнімдері, құс еті мен жарма өнімдерін қосамыз. Бұларды күнделікті тұтынудың қажеті жоқ, бірақ олар мидың қызметіне оң әсер етеді.

Ал үшінші топқа мамандар тек, миға ғана емес, сонымен бірге бүкіл ағзаға зиян келтіретін – қуырылған тағамдар, қызыл ет, майлы сүт өнімдері, жартылай фабрикаттар мен тұзды жатқызған.

massaget.kz
12 қыркүйек 2022 ж. 592 0