Иммунитет түсіп кеткенін білдіретін 6 белгі
Күзге таяу адамның иммунитеті әлсірейтіні белгілі. Күн сәулесі азаяды, суық түседі, инфекциялар көбейеді. Иммунитеттің сыналары сәті нағыз.
Бірақ бұған адам дайын болуы керек. Күні бұрын дайындалғаны абзал. Ол үшін иммунитетті қалпына келтіру керек, әлсіз екенін күні бұрын ұғынуы керек.
Ендеше мамандардың айтқан пікірлерінен иммунитеттің түсіп кеткенін білдіретін басты белгілерді атайық.
Иммитеттің әлсіздігін білдіретін ең алғашқы белгілердің бірі – ауызда, тіл мен ерінде байқалады. Тіл мен ауыз қуысында ақ дақтар шығуы мүмкін. Ерінде ұшық қаптап кетуі мүмкін.
Тағы бір белгісі – әлсіздік, ұйқыбастық. Иммунитеті әлсіз адамдар шаршаңқы жүреді, көңіл-күйі болмайды.
Келесі белгісі – жараның жазылмауы. Қолды шамалы қанатып алсаңыз да, тері жазылмай ұзақ жүруі мүмкін.
Тағы бір белгісі – шаш түсу мен тырнақ сарғаюы мүмкін.
massaget.kz