Құтырма ауруынан сақтаныңыз

Хайуандар сілекейіндегі қоздырғыштар адамды сілекейлегендегі, қапқандағы,тістегендегі пайда болатын жара арқылы нерв жүйелеріне өтеді.Қоздырғыштың адам ағзасына еніп,клиникалық көріністер беруі 8-10 күннен 40 күнге дейін,сирек жағдайларда 3 айдан 1 жылға дейін созылуы мүмкін.Құтырмаға шалдыққан адам алғашқыда судан, судың сылдырынан ,жарықтан және басқа да дыбыстардан шошынады. Құтырмаға тән сыртқы белгілері науқас ерекше жұлынып құтырады, қимылы күшейеді, жұтқыншақта және бұлшық еттерде діріл, құрысу пайда болады, кейін ағзаның жұмыс қабілетінің нашарлау себептерінен науқас қайтыс болады.
Қазақстан Республикасының 30.12.2021 ж. №97 «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы шығарылып, 2022 жылдың наурыз айынан бастап күшіне енді, осы Заң талаптарына сәйкес енді қаңғыбас ит-мысықтар жойылмайды, тек ауланып, арнайы уақытша ұстау пункттерінде ұсталады, бірақ осы Заңды жүзеге асыратын ереженің бекітілмеуіне байланысты Заң талаптарына сәйкес қаңғыбас жануарларды аулауға, оларды уақытша ұстауға арналған пункттерді ашуға, пункттердің жұмысына қаржы бөлу мәселесі шешілмей отыр.

Кез келген аудан тұрғыны түрлі жануарлар сілекейлеген, жарақаттаған жағдайда жарақатты сабынды сумен 10-15 минут жақсылап жуып, міндетті түрде дәрігерге көрінуі қажет. Дәрігер тағайындаған құтырмаға қарсы егу шараларын кестеге сәйкес мерзімді уақытында үзбей алуға тиіс. Жеке қожалықтағы ит-мысықтарды, малдарды құтырмаға қарсы ектіру қажет, оларға мал дәрігерлік құжат алынуы керек. Иттерді аулада байлап ұстап, көшеге қарғыбау байлап, тұмсыққап кигізіп алып шығу шарт.
О.Мошанов
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бөлім басшысы
бақылау басқармасының бөлім басшысы