Бүгін ауа райы қандай болады?

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен батыста жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, шығыста жауын-шашын, кейде жаңбыр мен сулы қар түрінде түседі. Еліміздің басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста екпіні 23-28 м/с дейін барады, күндіз батыстан, оңтүстіктен шаңды дауыл соғады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
kyzylorda-news.kz