Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіл мәртебесі – ел мерейі

Тіл мәртебесі – ел мерейі

Халық пен тіл – егіз ұғым. Бірінсіз бірі жоқ. Тіл халықтың бас­ты адами һәм рухани байлығы болса, халық – тілдің иесі. Сондықтан тілдің тағдырын халықтан бөлек қарау мүмкін емес.
Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында шамамен 125-тен астам этнос өкілдері тұрады. Елімізде барлық этностар тілінің, олардың ұлттық құндылықтарының дамуына қажетті жағдай жасалып отыр. Бұл – ұлттық құндылықтардың барлығы «қазақ» деген ұлттың мемлекет құраушы рөлін бекемдеу үшін, біртұтас қазақстандық жүйесін қалыптастыру үшін жасалып отырған жағдай екені белгілі. Сондықтан Мемлекет басшысының қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейтуге бағытталған тапсырмасын орындауға ел болып жұмыла кірісуіміз керек. Қазақ тілінің ұлтаралық қатынас құралына айналуы ел үшін, тіл үшін, əрбір қазақ пен əр қазақстандық үшін игілік болып табылады. Осынау игілікті қолданудың кілтін Президенттің Жолдауындағы «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін» деген сөзі айқын көрсетеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында «Еліміздегі этностық топтардың тілі мен мəдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дəрежеге жету үшін бəріміздің даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн», деп атап көрсетті. Қазақ тілінің мемлекеттік мəртебесінің биік болуы оның қоғамның барлық саласында жан-жақты жəне қарқынды қызмет етуімен тікелей байланысты. Қазақ тілін дамытудың жаңа деңгейі – ендігі кезекте оны ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру функциясын нығайту екенін Президент Жолдауда айқын белгілеп берді.
Кәмшат Дәрімбет,
Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің мұғалімі
10 қыркүйек 2022 ж. 196 0