Елімізде жаңа жылдан бастап өрт сөндірушілердің жалақысы 40% көтеріледі

Министр “қазір өрт сөндірушілердің орташа жалақысы қанша және қашан көтеріледі?" деген сауалға жауап берді.
"Біріншіден, біз бұл мәселені көтере бастағанда, 2019 жылы айлығымыздың 65%, одан кейін 10% және биыл 3% көтерілгені сөз болды. Бір қарасаң, өте жоғары көрсеткіш сияқты. Бірақ, сол 2019 жылы жұмысқа жаңа кіріскен өрт сөндіруші 65 мың теңге алатын. Қазір еңбек өтілінсіз, үстемеақысыз, таза айлық – 109 мың теңге", - деді ведомство басшысы.
Оның сөзінше сала мамандарының айлығы бастапқыда қазіргіден 40 пайыз көтерілмек.
"Қазір Мемлекет басшысының және Премьер-Министрдің тапсырмалары бойынша Ұлттық экономика министрлігімен бірге айлықты тым болмаса 40 пайыз көтеру мәселесін пысықтап жатырмыз. Егер іске асса, жаңа жылдан бастап қызметкерлеріміздің айлығы өседі", - деді Юрий Ильин.