Мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесіне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Енді Қазақстандағы 20 мамандандырылған ХҚКО сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін мемлекеттік қызметтер бойынша өтінімдерді қабылдайды, құжаттарды беру сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін жүргізіледі.
«Ақтөбе, Атырау, Орал, Ақтау және Қызылордада кезекші мамандандырылған ХҚКО келушілерді Астана уақыты бойынша сағат 10:00 - ден 14:00-ге дейін қабылдайды, құжаттарды 16:00-ге дейін беруге болады», делінген хабарламада.
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жүргізуші куәлігін алу, көлік құралдарын тіркеу, сондай-ақ нөмірлік белгілерді беру бойынша қызметтер көрсетеді.
Қазақстандықтар мамандандырылған ХҚКО-ға кезекті «Мобильді ХҚКО» қосымшасы, eGov mobile, Egovkzbot2.0 Телеграмм-бот, eGov электрондық үкімет порталы арқылы алдын ала брондай алады.