Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарих бетінен жойылмағанбыз

Тарих бетінен жойылмағанбыз

Мекенбіз халық мойындаған жүз,
Сен ғана тұрсың ойымда жалғыз.
Тағдыр қанша рет сынағанымен,
Тарих бетінен жойылмағанбыз.
Қастығымыз жоқ басқаға қылған,
Сынаққа айналу басқа жазылған.
Тауменен тасты араламай-ақ,
Тарихымыз бар тасқа жазылған.
Бұл Арал сондай таныған жанға,
Қамықпаған сын қабыл алғанда.
Жұмаққа айналдық жаны барларға,
Сахна да болған әні барларға.
Жат баласын да жылатпағанбыз,
Жат қылықтыны ұнатпағанбыз.
Ормансыз өлке дегенмен бәрі,
Қара орманымызды құлатпағанбыз.
Жұмақ мекен бұл анығы жанға,
Күліп ататын жарығы таңда.
Таусыз өлке деп атай көрмеңдер,
Тау-тау боп жатқан балығы барда.
Тарихым терең тауысар ма сырды,
Ел кешірмейді ән салмас ұлды.
Тоқсан бес жылдық уақытты білем,
Тоқсан жырменен тауыса алмасымды.
Еңсесі асқақ бүгін қаланың,
Орынды биік тұғырдан алдың.
Тоқсан бес жылдық баянды болсын,
Аралым, сенің жырың боламын.
Оңталап ЖОЛДАСОВ
25 қыркүйек 2022 ж. 361 0