Республиканың кей аймақтарында күн жауын-шашынды болады

Соның әсерінен жаңбыр, солтүстікте қатты жаңбыр, түнде солтүстікте жауын-шашын, жаңбырдың соңы қарға ұласуы күтіледі.
Қазақстанның қалған аумағы жоғары қысым аймағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде найзағай, желдің күшеюі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстікте, солтүстік-батыста бұршақ күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі.
Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Павлодар облысының орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Алматы облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
kyzylorda-news.kz