Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапалы тауарды таңдауда нені білу керек?

Сапалы тауарды таңдауда нені білу керек?

Таңбалау дегеніміз не нәрсе? Таңбалау арқылы тұтынушы тауар туралы қажеттінің бәрін біле алады. Тауардың зат таңбасында немесе қаптамасында міндетті түрде не көрсетілуі тиісті? Дайындаушы (өндіруші) сатып алушыға тауарлар туралы мынадай ақпараттарды ұсынуға міндетті:
1.Тауардың атауы
2. Егер тауар сәйкестігі растау рәсіміне жататын жағдайда сәйкестік белгісін
3. Тауардың негізі тұтынушылық қасиеттері туралы, тағамның тағамдық, биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтер, сондай-ақ белгілі бір аурулар кезіндегі қарсы көрсетілімдер туралы мәліметтер;
4. Тамақ өнімдеріне қатысты құрамы, мөлшері (салмағы), дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары (температуралық режимі) туралы мәліметтер;
5. Тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзалардан тұратын немесе солардан алынған компоненттердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтер. Генетикалық түрлендірілген ағзалар болған жағдайда заттаңбада жеке сөйлеммен «Бұл өнімнің құрамында генетикалық түрлендірілген ағзалар бар» деп көрсетілуі тиіс;
6 Егер тауарлардың ерекшелігіне байланысты талап етілсе тамақ өнімдерін дайындау бойынша ұсынымдар;
7. Тауардың шыққан елі;
8. Тауардың сатып алу құны мен шарттары;
9. Кепілдік мерзімнің болуы немесе болмауы;
10. Дайындаушының сауда белгісі;
11. Тауардың дайындалған күні мен орны, жарамдылық мерзімі мен сақтау мерзімі; Егер тауарды сақтаудың талаптары тиісті тауарды сақтаудың әдеттегідей жағдайларынан ерекшеленетін не арнайы сақтау талаптарын қажет ететін болса, оларды сақтау талаптарын көрсету. Егер тауар көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін тұтынушының өміріне, денсаулығына және мүлкіне, қоршаған ортаға қауіп төндіретін болса немесе мақсаты бойынша пайдалану үшін жарамсыз болса , көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін тұтынушының қажетті іс-әрекеттері және мұндай іс-әрекеттерді орындамаған кездегі ықтимал салдары туралы мәліметтер;
12. Тауар массасының шамасы (нетто) көлемі, саны және жиынтықталамы;
13. Кеден одағы нарығындағы өнім айналымының белгісі;
Осы ақпараттың барлығ ы міндетті түрде кем дегенде екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде болуы шарт.
Ақпараттың бәрімен таныса отырып, сіз бірінші көзге түскен тауарды емес, сапалы әрі қауіпсіз әрі қауіпсіз тауар алып жатқандығыңызға сенімді боласыз.

Г. САҚТАҒАНОВА
Арал аудандық СЭББ бөлім басшысы



26 қыркүйек 2022 ж. 558 0