Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрі-дәрмексіз бас ауруын қалай жазуға болады?

Дәрі-дәрмексіз бас ауруын қалай жазуға болады?

Бас ауруын су арқылы жеңілдетуге болады. Бұл туралы невропатолог Павел Хорошев Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды "РИА Новости" басылымы.

Бас ауруы қандай да бір аурудың белгісі болуы мүмкін, сондықтан мұндай кезде дәрігермен кеңесіп, ем тағайындаған жөн. Маманның сөзінше, көбіне бұл симптом ауруды емес, ағзадағы су жетіспеушілігін де көрсетеді.

Ол бас ауруы пайда болуына қалай қарсы тұру керегін айтты.

"Бас ауруы шыдатпаса, адам қанша мөлшерде су ішкенін еске түсіруі керек. Таңертең бір кесе кофе ішсе және сағат 15:30-да тағы ішсе, онда бір немесе екі үлкен шыны су немесе шай ішу керек. Қанды оттегімен байыту үшін терең тыныс алу керек", - деп кеңес берді Хорошев.

Невропатологтың айтуынша, адам жеткілікті сұйықтық ішкеннен кейін 40-60 минуттан соң бас ауруы да қоюы мүмкін.

Ол дәрігердің нұсқауынсыз бас ауруын жазу үшін дәрі қабылдауға болмайтынын жеткізді.

"Біріншіден, бас ауруына қарсы белгілі бір дәрі-дәрмектерді қабылдау, әсіресе, дәрігермен кеңеспей ішу, денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Екіншіден, адам бас ауруы кезінде белгілі бір дәрілерді ішіп дағдыланса, ол ешқашан суды қалыпты мөлшерде ішіп бастай алмайды", - деп санайды Хорошев.

Бас ауруы ағзадағы сұйықтық жетіспеуінің бір салдары болуы әбден мүмкін.

"Денсаулықтағы кінәрат қарапайым себепке байланысты болады. Мысалы, біз жыл бойы аз мөлшерде су ішеміз, бұл дененің тіндері мен жүйелерін қамтамасыз ету сапасына әсер етеді және салдарынан проблемалар туындайды", - деп түсіндірді Хорошев.

massaget.kz
27 қыркүйек 2022 ж. 461 0