Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 100 жастан аса ұзақ жасағандар саны қанша

Елімізде 100 жастан аса ұзақ жасағандар саны қанша

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда 100 жастан асқан 487 азаматтың тұратынын хабарлады. Ең қарт қазақстандық 121 жастағы Түркістан облысының тұрғыны, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елімізде 100 жастан асқан 31 қазақстандық бар. Ең қарт қазақстандықтардың қатарында 120 жастағы шымкенттік пен 119 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны бар.

Қазақстан бойынша 100 жастан асқан азаматтардың саны бойынша Түркістан облысы 75 адаммен көш бастап тұр. Одан кейін Алматыда 62 адам және Алматы облысында 55 адам бар.

Қазақстанда зейнеткерлік жастағылардың жалпы саны 2,2 миллион адамнан асады.
30 қыркүйек 2022 ж. 286 0