Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақыттың 5 түрі

Бақыттың 5 түрі

Бақыт деген — сәт. Қуанышты, көңілді, мақтаныш сезімі туған сәттерді біз бақыт дейміз. Бүгін қандай сәтте адамның көңіл-күйі көтерілетінін және оның түрлерін бірге анықтайық.

1. Мақтаныш
Қиын жұмысты аяғына дейін жеткізген кезде немесе біреуге көмектескен кезде кеудеміз мақтаныш сезіміне толады. Мақтанышқа жету үшін адам тыңбай еңбектенеді. Ол жолда күйзеліске де түсуі мүмкін, түрлі қиындықтарды да сезеді. Бірақ соңғы нәтиже соның бәрін бір сәтте ұмыттырады. 

2. Айналадағы адамдармен жақын қарым-қатынас
Гарвард медициналық мектебінің психиатр және профессорі Роберт Уолдингер зерттеу жүргізіп, қарым-қатынастың өмірімізде маңызды екенін айтты. "Қоршаған ортамен қарым-қатынастың жақсы болуы денсаулығымызға әсер етеді. Әрине, адам өз тәніне мән беру керек. Бірақ қарым-қатынасты бақылау да өз-өзіне қамқорлық". TED конференциясында ол отбасымен, достарымен және қоғаммен  тығыз қарым-қатынас орната білген адам әлдеқайда бақыттырақ екенін айтып кетті. 

3. Қанағат ету
Өзінің бүгінгі күніне сыйластық білдіріп, алғыс білдіре білу де маңызды. Бірақ бәріне қанағат ету деген басқа нәрседен бас тарту дегенді білдірмейді. Бұл —  қазір қолдағы барға ризашылық танытып, болашаққа сенім арту. Қанағат ету ішкі жайлылық пен позитив сыйлайды. Сол себепті ілгері жылжу да әлдеқайда оңайырақ болады.    

4. Көңіл көтеру
Ересек болу дегеніміз тек жұмыс істеу, отбасылық мәселерді шешуден тұрмайды. Бос уақытымыз бола қалса теледидар алдынан не компьютер алдынан табыламыз. Бірақ көңіл көтеру — табиғатта демалу, би кештеріне бару, қонаққа бару. Ол өмірге қуанышты сезім сыйлайды, өзге адамдармен араласуға септігін тигізеді. Соның ішінде көңіл көтеру келесі күнге мотивация береді. 

5. Алғыс айту
Ағылшын жазушысы әрі философ Гилберт Кит Честертон "Мен алғыс білдіру адамның ойлау дәрежесінің ең маңызды көрінісі деп білемін. Алғыс екі еселенген бақыт" деген болатын. Алғыс айту — бақыт сезімін оңай көтеретін қолжетімді әрі жеңіл әдіс.

massaget.kz
03 қазан 2022 ж. 438 0